«КОРЭМ» АҚ Кәсіптік одақтың оқу орталығы «КОРЭМ» акционерлік қоғамы жұмыскерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестіктің Жарғысына, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық ұйымдар туралы», «Коммерциялық емес ұйымдартуралы» Заңдарына сәйкес құрылған және «КОРЭМ» акционерлік қоғамы жұмыскерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестіктің құрылымдық, білім беру бөлімшесі болып табылады.
Оқу орталығын мемлекеттік тіркеу күні: 08 маусым 2017 жыл.
Оқу орталығының миссиясы:
Қазақстанның электр энергетикасында жоғары білікті кәсіпқойлық нарықтық қауымдастықты қалыптастыру.
Оқу орталығының басты мақсаты:
Қазақстан мен шетелдің электр энергиясы нарығының барлық мүдделі субъектілеріне арналған электр энергетика саласында түсіндірме, оқу-білім беру семинарлары және біліктілікті арттыру курстарын жүргізу бойынша қызметтер көрсету.
Оқу орталығының мақсаттары:
- Қазақстанның электр энергиясы нарығының, соның ішінде шетел электр энергиясы нарыңыныі қызмет етуі тақырыбы бойынша өзектілендірілген білім беру қызметтерін әзірлеу және іске асыру;
- оқу үдерісінің заманауи әдістемелерін, құралдары мен технологияларын бейімдеу және енгізу;
- семинарлар мен курстар тыңдаушыларымен тұрақты ақпараттық ынтымақтастықты қамтамасыз ету.
Оқу орталығының негізгі жұмыс істеу түрлері:
- оқу соңында бекітілген нысанда сертификат беру арқылы жалпы және кәсіптік бағыттағы қысқа мерзімді семинарлар мен біліктілікті арттыру курстары;
- Қазақстан және шетел электр энергиясы нарықтарының қызмет етуі мен дамуының өзекті мәселелері бойынша тақырыптық семинарлар;
- үлкен әдістемелік, ғылыми және тіжңрибелік жұмыс істеу тәжірибесі бар оқытушылармен сабақ жүргізу: жетекші білім беру мекемелерінен профессорлар, ведомстволық, сол сияқты Қазақстанның ірі энергетикалық компанияларының жоғары білікті мамандары;
- тыңдаушыларды оқу бағдарламаларымен қарастырылған ақпараттық-тарату материалдарымен қамтамасыз ету;
- ақылы қызмет көрсету шарты негізінде семинарларда және біліктілікті арттыру курстарында оқыту бойынша қызмет көрсету.